Алматы облысы әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы өз иесін тапты
Год волонтера   14.12.2020   17744
«Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған» дархан елдің қанына қайырымдық жасау ісі біте қайнасқан. Қазақ қашанда сүрінгенге демеу, сүйенгенге тіреу болған. Бұл әсілі халықтың тектілігімен тікелей байланысты болса керек. Атамзаманнан бауырын жұртта қалдырып, жұтқа тастамаған бабалар ұстанымы бүгінге дейін жалғасып келеді. Замана өзгерседе адамзат кісілік келбетін жоғалта қоймады. Онысы елім деген ерлердің «әр қазақ - менің жалғызым» деген ұстанымды ұстанып, қысыл-таяң сәтте қол ұшын созғандығынан көрініс тапса керекті.